Білім • 23 Қаңтар, 2025
Өңірде өткен жылдан бастап экспериментальді білім беру бағдарламасы енгізіліп, білім ошақтарындағы жоғары сынып оқушылары жұмысшы мамандықтарын игеріп отыр.
Білім • 23 Қаңтар, 2025
Ерекше бала, инклюзивті мектеп
Алматы қаласындағы инклюзия методологиясы енгізілген Steam мектеп-лицейінде ерекше санаттағы балалардың да білім алуына қолайлы жағдай жасалған. Мектеп ұжымының инклюзия бағытындағы тәжірибесі арнайы оқыту әдістемесімен ерекшеленеді. Осыдан 5 жыл бұрын ашылған мектептің білім беру жүйесі жеке ізденіске, ғылыми зерттеулерге негізделіпті. Бастауыш, жүйесі, жоғары сыныптардың әрқайсысы қосымша бағдарламалармен жаттығады. Дәстүрлі пәндерді оқыту табиғатпен үйлесімде өтетін болса, сабақ арасында серуендеуді мектеп ұжымы оқу үрдісінің ажырамас бөлігіне айналдырған.
Олимпиада • 23 Қаңтар, 2025
Астанада математика, физика және информатика бойынша 21-халықаралық О.Жәутіков олимпиадасы өтті. Оған әлемнің 15 елінен 700-ге жуық оқушы мен 150 тәлімгер қатысты. Мазмұнды іс-шараны Оқу-ағарту министрлігі,«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.
Мектеп • 23 Қаңтар, 2025
Теміркөпірдегі жаңа білім ұясы
Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округіне қарасты Теміркөпір ауылында 60 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның құрылыс жұмыстарына 680 млн теңге жұмсалды. Жаңа білім ошағы жайлы әрі заманауи талаптарға сай салынған. Толық жабдықталған химия, биология, физика, көркем еңбек пәндері кабинеттері, кең де жайлы спортзалы мен асханасы бар. Мектеп ауласындағы жаңа спорт алаңында бірнеше спорт түрімен шұғылдануға болады.
Ғылым • 23 Қаңтар, 2025
Қазір қоғамда діни құндылықтар мемлекеттік деңгейдегі ұстанымдарды тиімді іске асыруға септігін тигізіп жатыр ма? Осы сұрақты ғылыми пайымдаған Философия, саясаттану және дінтану институтының ғалымдары «Әділетті Қазақстан мән-мәтіні аясындағы діни құндылықтар мен қазіргі мәдениет» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.