Төтенше жағдай • 20 Қазан, 2023
413 мың адамға көмек көрсетілді
Жыл басынан бері елімізде 65 мыңнан аса табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркеліп, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты құтқару бөлімшелерінің мамандары 9,5 мыңнан аса адамды ажалдан аман алып қалған. Апат аймағынан 10 мыңнан аса адамды эвакуациялап, зардап шеккен 4 мың адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді.
Сайлау • 20 Қазан, 2023
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов қанатқақты режімде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауға дайындығын тексеру мақсатында Батыс Қазақстан облысына барды.
Қоғам • 20 Қазан, 2023
Елордада №6 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне қойылған ерлікті насихаттайтын ескерткіштің ашылу рәсімі өтті.
Саясат • 20 Қазан, 2023
Түрік кәсіпкерлері Қазақстанға не үшін қызығады?
Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатыр. Соңғы бір жылдың өзінде тараптар арасында біршама байыпты келісімдер жасалды. Экспорттаушылар үшін кедендік процедураларды жеңілдету, қорғаныс өнеркәсібі саласында қатынас орнату, білім саласында байланысты бекемдей түсу секілді қадамдар батыл әрі нәтижелі жүзеге асырылып жатыр.
Сенат • 20 Қазан, 2023
Халықаралық қаржы ұйымы құрылады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, сенаторлар Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялады және депутаттық сауалдарын жолдады.