Үкімет • 31 Қазан, 2023
Үкімет мүшелері қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада орын алған өртке қатысты жағдай қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
«Жылжымайтын мүлік», «сібір жарасы», «қар барысы» секілді сөздер қате аудармалар – Анар Фазылжан
Тілдің тұнығын лайлауға калька аударманың да зардабы орасан. Сара сөздің салмағын екшей алады деген сала мамандарының (өзіміздің әріптестеріміз) өзі калька аударманы қаптатып қолданады. Мағынасына мән беруден бұрын аталуына алдымен екпін салып, сөзбе-сөз аудару белең алып барады. Бұған дейін де осы тіркес тұрақты түрде қолданылды, әлі де саптан сызылып қалған жоқ. «Сибирская язва» деген кеселді біз «сібір жарасы» деп қолданып жүрміз. Қазақтар ертеден кеселдің осы түрі адамға шапса, «күйдіргі» деп атаған. Ал төрт түлікке жабысса, әр малға қатысты өзіндік атауы да болған. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжаннан калька аудармаға қатысты пікірін сұрап, сұхбаттастық.
Оқиға • 31 Қазан, 2023
Костенко шахтасындағы апат: Жер астынан соңғы кеншінің мәйіті табылды
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов кеншілерді іздестіру жұмыстары бойынша жаңа мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 31 Қазан, 2023
Лионель Месси сегізінші рет «Алтын доп» иесі атанды
Белгілі футболшы Лионель Месси бұл атақты сегізінші рет жеңіп алды. Өткен маусымда «Интер Майами» клубында ойнаған Месси 53 матчқа қатысып, 32 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. Футболшы Аргентина құрамасы сапында да әлем чемпионы атанған, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 31 Қазан, 2023
Өткен аптада елімізде 189 төтенше жағдай тіркелді
Төтенше жағдайлар министрлігі апта статистикасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.