Қазақстан • 30 Қазан, 2023

Елімізде жаңа ғылыми-зерттеу институты құрылады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті қаулының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде жаңа ғылыми-зерттеу институты құрылады

«Институт Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын, су деңгейінің төмендеу мәселелерін, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау ихтиофаунаны акваториясы мен Каспий жағалауын зерттейтін болады. Сондай-ақ Каспий бойынша шекаралас мемлекеттердегі әріптестермен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ету бағытында да жұмыс жүргізеді», делінген министрлік хабарламасында.

Алынған мәліметтер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді шаралар қабылдауына негіз болатыны атап өтілді. Ғылыми ұйымның құрылуы да Каспий теңізін сақтау бойынша халықаралық және ұлттық міндеттемелерді толық орындауға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы алдын алу шараларын жүргізу үшін Маңғыстау облысында Каспий теңізін зерттейтін мемлекеттік ғылыми институт құруды тапсырды. Институттың құрылуы мәселені зерттеуге кешенді түрде қарауға және ауқымды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.