Қоғам • Бүгін, 11:57

Салық хабарламасына 30 жұмыс күні ішінде жауап беру міндеттеледі

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты тексеру аясында хабарлама алған азаматтар 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруге немесе декларация тапсыруға мүмкіндік алады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салық хабарламасына 30 жұмыс күні ішінде жауап беру міндеттеледі

Фото: istockphoto.com

Вице-министрдің айтуынша, салық органдары тиісті хабарламаларды жіберуді бастап кеткен.

«Жұмыс жүріп жатыр, біз барлық санат бойынша хабарламалар жіберіп отырмыз. Хабарлама алған азаматтарда 30 жұмыс күні мерзім бар. Нәтижені салық төлеушілердің кері байланысынан көреміз», деді ол.

Вице-министр осы уақыт аралығында түсініктеме немесе декларация тапсыруға мүмкіндік берілетіндігін, әзірге айыппұл немесе шектеу шаралары қарастырылмағанын айтты.

Салық кодексіндегі өзгеріс: Конституциялық Сотқа жүгіну кезінде төленетін баж салығы жойылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін салық органдары кәсіпкерлік қызметтен түскен, бірақ тіркелмеген кірістерді анықтау үшін тексеру жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.

Мамандардың мәліметінше, бақылау кезінде 3 ай ішінде 100 адамнан көп аударым алу және аударым сомасының 1 020 000 теңгеден асуы ескеріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынған еді. 

Соңғы жаңалықтар

Жауапкершілік жолы

Тұлға • Бүгін, 12:24