Спорт • 26 Қазан, 2021
Кеше Сербияның астанасы – Белградта әлем чемпионаты басталып, Қазақстанның екі боксшысы шаршы алаңға шықты. Олар – Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов.
Елорда • 26 Қазан, 2021
Елордаға іргелес Жібек жолы ауылындағы халқымыздың ардақты перзенті, әнші-композитор Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектепте тұғырлы тұлғаға арналған шағын музей жұмыс істейді. Оған Иманжүсіп атамыздың немересі, белгілі ғалым Раушан Көшенова бас-көз болып отыр. Осында арда азаматқа қатысты біраз жәдігер сақталған. Соның ішінен Иманжүсіптің баласы Нұрханға сыйлаған ертоқымы туралы айтсақ дейміз.
Спорт • 26 Қазан, 2021
Жуырда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алау» мұз айдыны сарайында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогы үшін шайбалы хоккейден турнир өтті. Бұл жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тұңғыш рет ұйымдастырылды.
Спорт • 26 Қазан, 2021
Чемпион соңғы турда анықталады
Футболдан Қазақстан чемпионатының 25-тур ойындары аясында біріншіліктің бас жүлдесінен әлдеқашан үміт үзген Алматының «Қайраты» мен биылғы чемпиондықтан басты үміткер елорданың «Астанасы» кездесті. Біраз жылдан бері екі команда арасындағы кездесу еліміздегі ең тартысты матч саналады. Жанкүйерлер тарапынан «Ел классикосы» деп айдар тағылған екі клуб арасындағы бұл жолғы текетірес те әдеттегідей тартысты өтті.
Спорт • 26 Қазан, 2021
Жапонияның Китакюсю қаласында спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты аяқталды. Айтулы додаға 60-қа жуық мемлекеттен келген 300-ден аса спортшы қатысты. Бір апта бойы шеберлік байқасқан олар 14 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Нәтижесінде, жалпыкомандалық есепте Қытай құрамасы жеке-дара көш бастады. Қытай елінің өкілдері 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді олжалады. Осы жүлделердің дені ерлердің еншісінде.