Білім • 25 Қазан, 2021

Халықаралық олимпиадада алтын алған оқушыға 4 млн 375 мың теңге беріледі

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жаһандық даму болашақ білімді ұрпақтың қолында екенін айқындап келеді. Сондықтан ел билігі жыл өткен сайын білімге құйылатын капитал көлемін арттыруда. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуге тапсырма берген болатын, деп жазады Egemen.kz.

Халықаралық олимпиадада алтын алған оқушыға 4 млн 375 мың теңге беріледі

Әріптесіміз Айдана Шотбайқызы осы тапсырма негізінде атқарылып жатқан шараларды саралады.

Egemen Qazaqstan газетінің 25 қазандағы санында жарық көрген «Білімдіні қолдау – болашақты ойлау» материалында оқушылар халықаралық олимпиада мен білім бәйгелерінде оза шапқандарға мемлекет тарапынан берілетін бір реттік сыйақы мөлшері айтылды.

«Дарынды балаларды қолдау үшін Президенттің тапсырмасына сәйкес кон­курс­қа қатыспай-ақ гранттар беру, сондай-ақ бір­­­жолғы ақшалай сыйақылар көз­деледі: алтын медаль үшін кемінде 1 500 АЕК, күміс медальға – 1 000 АЕК, қола ме­дальға 500 АЕК ұсынылады», деген бас ұстаздың дерегін алға тарта отырып тілшіміз сыйақының жалпы мөлшерін нақтылады.

«Биылғы 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 917 теңге. Сонда алтын медаль алған оқушы бір рет 4 млн 375 мың 500 теңгелік ақшалай сыйақы иеленеді. Ал күміс медаль иегері 2 млн 917 мың теңге, қола медаль иесі 1 млн 458 мың 500 теңгеге қол жеткізеді», деп жазды тілші.