Аймақтар • 31 Қазан, 2024
Жетісу облысының бірқатар ауылы көптен күткен табиғи газға қол жеткізді. Талды ауылында бұрын-соңды болмаған саябақ халық игілігіне берілді. Ал Көксу ауданының Балпық би, Жарлыөзек ауылдарындағы 17 үйдің құрылысы аяқталып, кілті тұрғындарға табысталды.
Қоғам • 31 Қазан, 2024
Әлеуметтік сәйкестіктің қыр-сыры
Қоғамда болып жатқан өзгерістерді жан-жақты зерделеп, талдауда, түрлі салада шешім қабылдаудың ғылыми негізін қалыптастыруда әлеуметтанушы қауымның көтерер жүгі салмақты. Жаһандану жағдайында ғалымдар мен сарапшылар әлеуметтік ғылымның түрлі саласындағы деректермен, теориялық әдістермен алмасу арқылы қоғамдағы күрделі құбылыстарды, соның ішінде сәйкестік мәселесін тұтас, толыққанды түсінуге тырысады.
Айбын • 31 Қазан, 2024
Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің бір топ сарбазына еліміздің жоғары оқу орындарына түсуге арнайы сертификат табысталды.
Білім • 31 Қазан, 2024
Мұғалім сапасын арттыратын мүмкіндік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы халыққа Жолдауында: «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Өйткені үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек», деп атап өткен болатын.
Үкімет • 31 Қазан, 2024
Үш жылға арналған республикалық бюджет бекітілді
Келер жылы ел экономикасы 5,6%-ға өседі. Яғни 2025 жылы бюджет кірісі 15,6 трлн теңгені құрайды деп болжанып отыр. Бұл туралы кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында айтылды. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелері арнайы шақырылды. Депутаттар қоғамда дау тудырған өткір мәселелерді көтеріп, күн тәртібіндегі бірқатар заң жобасын қарады.