Ұлттық спорт • 30 Қазан, 2024

Аударыспақ

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аударыспақ – салт ат­тылардың ер үстіндегі сайысы. Бұл ойынға күш-қайраты мол, батыл да төзімді, шап­шаң қимылдап, ат құ­лағында ойнай білетін, ат үстіндегі айқасты жақсы мең­герген жі­гіт­тер қа­ты­сады.

Аударыспақ

Ал дайындығы жет­кіліксіз, тәжірибесі аз адам­ға бұл са­йы­с оңайға соқ­пайды. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жау­гершілік кезінде найза ұстап, қылыш шаба­тын жа­уын­герге қажетті қа­сиет­терді қалыптастырған. Аударыспақ қазіргі үлкен жиын-тойларда, мерекелерде спорт ойынының бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.

Сайысқа қатысушылар үш салмақтық санатқа бө­лінеді. Аударыспаққа сал­мақ санатқа енгізудің мақсаты – қатысушыларға  неғұрлым тең жағдай туғызу. Оны спорттың бір тү­ріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық санатты көбейткен дұрыс. Бұл санатқа бөлу кейінгі кезде қалыптасты. Ертеде кез келген тілек білдіруші өз еркімен қатыса беретін болған. Спорттың бұл тү­рінің дамуымен бірге, сөз жоқ, оның салмақтық санаты да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз.

Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білекті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта не­гізгі рөлді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Аттар үстіндегі адамның ыңғайына бейімделгіш, арнайы үй­ретілген болуы шарт. Ос­падарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға бол­майды. Аударысу ат пен жігіттің үйлесімді қимыл-бір­лестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көр­сететін қалыпты, байсалды шеберлікке ұласып жатуы шарт.