Медицина • 20 Қазан, 2022
Ажалдың арашашысы – ангиографиялық аппарат
Шымкенттегі №2 қалалық ауруханасының дәрігерлері инсульт алған 52 жастағы азаматтың ми қан тамырына күрделі операцияны пышақсыз жасап, ажалдан арашалап қалды.
Қазақстан • 20 Қазан, 2022
«Мен халқыма сенемін, оның болашағы зор»
Елім деп аянбай еңбек етіп, бар өмірін, күш-жігерін халқының игілігіне жұмсаған тұлғаларымыз баршылық. Сондай ардақты азаматтардың бірі – мемлекет және қоғам қайраткері, аяулы азамат, қазақ халқының біртуар ұлы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев еді...
Қазақстан • 20 Қазан, 2022
1993 жылдың жазында Республикалық Ішкі істер министрлігінің «На страже-Сақшы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары қызметінде жүрген жерімнен «Егемен Қазақстан» газетіне бөлім меңгерушісі болып ауыстым. «Егемендегілер» бұрынғы Бас редакторы Шерхан Мұртаза жайында жылы-жылы әңгімелер айтатын. Ол кісінің жазушылығы өз алдына, журналистика саласындағы еңбегінің өзі бір төбе. Шерағаң қай басылымға басшы болып барса, сол жерде елді елең еткізер жаңа бір тақырыптар бой көтеретін.
Аймақтар • 20 Қазан, 2022
Алаш қайраткерлерінің айшықты іздері
Республика күнінің қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысында Алаш қайраткерлерінің қазақ халқына сіңірген ерен еңбектерін еске алып, ұрпаққа танытқан айтулы іс-шара болды. Осы шараның аясында алдымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Ғасырлар тоғысындағы Солтүстік Қазақстан: тарих және қазіргі заман» атты республикалық ғылыми-теориялық семинар ашылды. Оның жұмысына қатысу үшін Алматы мен Астанадан, Қостанай мен Көкшетаудан белгілі ғалымдар, зерттеушілер, қоғам қайраткерлері Сабыр Қасымов, Аманжол Күзембайұлы, Серік Негимов, Жандарбек Мәлібеков, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Гүлнәр Мұқанова, патриоттық тамаша әндердің авторы, композитор Жоламан Тұрсынбаев және т.б., сондай-ақ жергілікті өлкетанушылар мен зерттеушілер қатысты.
Аймақтар • 20 Қазан, 2022
Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан музейлері ұлттық қауымдастығының» құрметті мүшесі, Ырғыз ауданының және Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы Рысжан Ілиясқызын еске алу шаралары өтті. Былтыр 82 жасында дүниеден өткен апай өңіріміздің мәдениет саласына жарты ғасыр еңбек сіңіріп, талай дәуірдің тамаша жәдігерлерін тиянақты қолымен жинақтады.