Қоғам • 24 Қазан, 2020
2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 561 мың теңге болады - Алексей Цой
Бүгін Алексей Цойдың төрағалығымен Денсаулық сақтау министрлігінің алқасы өтті, онда Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері талқыланды. Оның ішінде, республикада коронавирус инфекциясының қайта таралу қаупіне дайындық, медициналық ұйымдарға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру және Қазақстан Республикасындағы ана өлімі бойынша мәселелер көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Қазан, 2020
Мәулен Әшімбаев ауруханада жатқан Әбдіжәміл Нұрпейісовтің көңілін сұрады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев ауруханада жатқан Әбдіжәміл Нұрпейісовтің көңілін сұрап барды Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 24 Қазан, 2020
ЕАЭО-да ғылыми-инновациялық ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда
Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитеттің қатысушылары мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы өнімдерінің айналысы саласындағы біріздендіру мәселелерін, Еуразиялық экономикалық одақта бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) жүргізудің басымдықтарын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттарын талқылады. Отырыста Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалянның төрағалығымен өтті, деп жазады Egemen.kz ЕЭК таратқан деректерге сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Қазан, 2020
Қазақстан табиғат қорғаушыларының тұңғыш премиясы табысталды
Нұр-Сұлтан қаласында үздік инспекторларға, орманшыларға және табиғатты қорғауға атсалысып жүрген белсенді азаматтарға орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін сақтау саласындағы “Елім-ай” сыйлығы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2020
Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына адалдығын сақтайды - Президент
Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына адалдығын сақтайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.