Қоғам • 18 Қазан, 2022
Астанада «Керуен» сауда орталығында «Аmanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «Біздің волонтерлер» фотокөрмесі өтіп жатыр. Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев «Жастар рухының» волонтерлері әрқашан алдыңғы қатардан табылатынын атап өтті.
Үкімет • 18 Қазан, 2022
«Таза көмір» технологиялары енгізіледі
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері қаралды.
Қоғам • 18 Қазан, 2022
Сырдария өзеніндегі қатарынан бірнеше жылға созылған су тапшылығының зардабы облыстың бар саласына әсер етіп келеді. Әсіресе несібесін жерден терген диқандардың алаңы айрықша. Жерге түскен дән ораққа ілінгенше тыным таппайтын шаруалар биыл да тәуекелмен іс бастап, қара күзде көңіл тоғайтарлық нәтижеге жетті. Диқандар жалпы 188 500 гектар жерге егін екті, оның 78 600 гектары – күріш. Осы негізгі дақылдың әр гектарынан 56,7 центнерден өнім алынды.
Қоғам • 18 Қазан, 2022
Түркістан облысында осы жылдың 9 айында 66,4 мың адам жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы бос орындарға – 32,8 мың адам қабылданып, белсенді жұмыспен қамту шараларымен 28,1 мың адам қамтылған. Ұлттық жобалар шеңберінде 5,4 мың адам жұмысқа орналасқан. Жұмыс орындарымен қамту мониторингін жүргізу тәртібіне сәйкес азаматтарды жұмысқа орналастыру олар үшін міндетті зейнетақы аударымдарымен расталады. Өңірде бұл көрсеткіш 64%-ды құрайды. Облыстағы ең төменгі көрсеткіш Жетісай ауданында (47%).
Білім • 18 Қазан, 2022
Тәуелсіз еліміздің аспанын бағындырып, қазақтың атын асқақтатқан Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі екенін білесіз бе? Осы қарашаңырақтан қанат қаққан ғарышкер қара аспанды қақ жарып, қазақтың намысын көкке қатар алып ұшты. Ержүрек ұл елге оралғаннан кейін, өзі тәлім алған білім ордасына тағзым еткені бар. Сол аяулы сәт көз алдымызда әлі алаулайды.