Үкімет • 15 Қазан, 2024
Олжас Бектенов Пәкістан Премьер-министрімен кездесті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Исламабад қаласына барды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Қазан, 2024
«Станислав Черчесов қазақ тілін кемсітуге тырысқан». Министрлік түсініктеме талап етті
Кешелі бері әлеуметтік желілерде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал кеңінен таралып, қоғамның наразылығын туғызды. Туризм және спорт министрлігі осы жағдайға байланысты Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қазан, 2024
Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қоғам назарын аударған Талғардағы қылмыстық оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігі тарапынан жүргізілген тергеу мен қабылданып жатқан шаралар жөнінде брифинг өтті. Брифингке Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, Алматы облысының прокуроры Берік Адамов, Ішкі істер министрлігі Тергеу департаменті басшысының орынбасары Самат Аисов қатысып, қылмыстық істің мән-жайы мен тергеу барысы туралы жан-жақты ақпарат берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қазан, 2024
Екі ел президенттері Арменияның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылуына қатысты
Екі ел басшылары Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Арменияның мәдениет күндеріне орай ұйымдастырылған салтанатты концертке барды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Қазан, 2024
Ел экономикасы 9 айда 4%-ға өсті
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров есепті кезеңде экономиканың өсімі 4% -ды құрағанын баяндады. Нақты секторда оң динамика 5%-ды, қызмет көрсету саласында 3,8%-ды құраған, деп хабарлайды Egemen.kz Экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.