Қоғам • 12 Қазан, 2023
Алда келе жатқан Республика күніне орай, Қостанайдағы «Қонай» шағын ауданында көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа үйге баспана кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен кәмелет жасына толған жетім балалар қоныстанды. Еңселі үйдің ауласында өткен қоныс қуанышына қала әкімі Марат Жүндібаев қатысып, баспаналы болған отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті.
Құтқарушы • 12 Қазан, 2023
Ұлымды құтқарған азаматқа шын жүректен ризамын! – дейді өрттен құтқарылған 12 жастағы баланың әкесі
Жуырда Петропавлдың өрт сөндірушілері бір баланы ажалдан құтқарып, 12 адамды, оның ішінде 3 баланы жалын ошағынан эвакуациялады.
Аймақтар • 12 Қазан, 2023
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-сессиясында биыл Халықаралық тары жылы деп жарияланды. Тары – стратегиялық азық, құнарлылығы жағынан арпа, бидай, қара бидайдан кейін тұр. Осы арқылы халықаралық ұйым жарытып ас ішпейтін жандардың көбейіп бара жатқанына әлем халқының назарын аудармақшы болып отыр. Аймақтық жанжалдарға киліккен елдерде күнделікті нанын таба алмайтын адамдар көбейген сайын астық бизнесі геосаяси ойындардың құралына айналып барады. Соның бір дәлелі, қазіргі кезде дамушы елдерде тұратын 1,5 млн адам ақуыз жетіспеушілігінен зардап шегуде. Әлемде тарының 8 300 сорты кездеседі. Қамбада ұзақ мерзім сақталатын, қуаңшылыққа төзімді дақыл 1960 жылға дейін қазақ дастарқанында көп кездессе, Ақтөбе облысының Ойыл, Қобда, Ырғыз аудандарында 1985 жылға дейін қызыл тары өсірілді.
Мирас • 12 Қазан, 2023
Тастағы жазулар не айтқысы келеді, нені меңзейді, не білгені бар? Біз оларды неге естімейміз? Жел сайрайды, аспан күрсінеді, найзағай ойнайды, бұлт іркіледі, ал неге жартастар үнсіз? Ондағы таңбалы әріптер беймәлім әлемнің отшашуы секілді жарқ етіп, жоқ болады. Оларды уақыт өшіре алмайды, өшірсе, тек адам ғана қауқарлы. Бірақ оны түсінер де солар емес пе?
Зерде • 12 Қазан, 2023
Тәуелсіз еліміздің отыз жылдан асқан тарихи белесінде талай жазушы мен журналистің туындыларын оқып, жақынырақ таныстым. Билік басында жүргенімде олармен жиі кездесіп, талай өзекті мақалаларды бірге жаздық. Өйткені қазақ баспасөзінің қарашаңырағы ««Егемен Қазақстан» газеті, «Қазақ әдебиеті», республикаға танымалы «Заң газеті», «Айқын газеті», өзге де белді-белді баспасөз орындарының сұрауы бойынша заң саласына байланысты, құқықтық тақырыптар мен сот істеріне қатысты жиі-жиі мақала жазуыма тура келетін.