Руханият • 10 Қазан, 2019
АҚШ-та Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романы басылып шықты
АҚШ-тың Индиана университетіне қарасты Three String Books баспасында жазушы Таласбек Әсемқұловтың «A Life At Noon» («Талтүс») романы басылып шықты. Осыған орай елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада оқырмандармен кездесу ұйымдастырылды.
Үкімет • 10 Қазан, 2019
Асқар Мамин Моңғолия Премьер-Министрімен келіссөздер жүргізді
Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Моңғолия Премьер-Министрі Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөздер өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 10 Қазан, 2019
Үкімет басшысы Қалалық туризм бойынша VIII жаһандық саммиттің ашылуына қатысты
Премьер-Министр Асқар Мамин Қалалық туризм бойынша VIII жаһандық саммиттің ашылуына қатысты.
Президент • 10 Қазан, 2019
Қазақстан • 10 Қазан, 2019
Малсыз қазақтың күні қараң. Әсіресе, қазақтың басым бөлігі тұратын ауылдар үшін малдың орны тіптен бөлек. Ешкімге қол жаймай, өз күнін өзі көріп, тіпті бірқатары мал басын өсіріп, біршама адамға жұмыс беріп отырғанын да білеміз. Десек те кез келген тауарға шығарылып сатылатын нарық керек. Әрине, ет жегіштігіміз жағынан салыстырмалы түрде кей елдерден алда тұрғанымызбен мал шаруашылығы үшін ішкі рынок тым тар. Сондықтан да алыс-жақын шетелге мал өнімдерін шығаруға талпынып, келісімшарттар жасалып та жүр. Әңгіме осы мал өнімдері дегеннен шығады. Біз расында сол шетелге мал өнімдерінен гөрі малдың өзін сату жағына қарай ойысып бара жатыр екенбіз. Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен бүгінгі Сенат отырысында сенатор Әли Бектаев депутаттық сауалында осы мәселеге қатысты үлкен қайшылықтардың бетін ашып, Үкіметті сынға алды.