Үкімет • 10 Қазан, 2019

Үкімет басшысы Қалалық туризм бойынша VIII жаһандық саммиттің ашылуына қатысты

40 реткөрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Қалалық туризм бойынша VIII жаһандық саммиттің ашылуына қатысты.

Үкімет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) бас хатшысы З.Пололикашвилимен кездесу өткізді, онда қалалық басқару, туризмді және «ақылды қалаларды» дамыту, Қазақстан қалаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

Форумның ашылу салтанатында Асқар Мамин бүгінде туризм үлесіне әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 10%-ы, инвестициялардың 7%-ы, жұмыс орындарының 10%-ы және барлық салық түсімдерінің 5%-ы тиесілі екенін атап өтті.

«Қазақстанның туристік секторы соңғы 10 жылда орта есеппен 7%-ға өсті, бұл экономиканың қалған бөлігіндегі өсу қарқынынан шамамен 3%-ға жоғары. Туризм біздің әртараптандыруымыздың маңызды факторларының біріне айналуда ‒ бұл салада өндірілген ЖІӨ үлесі екі есеге жуық ‒ 2018 жылы 6% дейін өсті», — деді Премьер-Министр.

А. Мамин Қазақстанның 2019-2025 жылдарға арналған туризм жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын қабылдағанын атап өтті, ол туризмнің ЖІӨ-дегі үлесін 8%-ға дейін арттыруды және оны экономиканың жетекші 5 саласының біріне айналдыруды қарастырады. Бағдарламаны іске асыруға шамамен $4 млрд бағытталады, оның 70%-дан астамы — жеке инвестициялар. Туристік секторда жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың санының өсуі 50%-ға 650 мың адамға дейін артады деп күтілуде, шетелдік туристер ағымы үш есе артып, 9 млн адамнан асады, бұл Қазақстанды әлемдегі аса бәсекеге қабілетті 50 туристік бағыттың қатарына қосады.

Қалалық туризмді дамытудың негізгі орталығы болып Нұр-Сұлтан қаласы айқындалған, ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жоспарын іске асыру барысында соңғы 20 жыл ішінде аймақтық ірі экономикалық, қаржылық, көлік және мәдени орталықтардың біріне айналды. Қаланың еліміздің ЖІӨ-не қосқан үлесі 10%-дан асады, елорданың негізгі капиталына салынған инвестициялар 26 есеге артып, 9 трлн теңгеден асты.

«Нұр-Сұлтан қаласы ‒ цифрлық және зияткерлік технологияларды енгізудегі жетекші күш. Еуропаның алдыңғы қатарлы қалаларының сәтті тәжірибесіне негізделген «Ақылды Астана» тұжырымдамасы білім беру, денсаулық сақтау, көлік, коммуналдық қызмет көрсету, инфрақұрылым салаларында ‒ жергілікті халықтың тұрмыс сапасына және келушілердің қаланы қабылдауына әсер ететін салаларға озық технологиялар мен жасанды зердені енгізуді қарастырады. Осы жетістіктердің нәтижесінде қала аймақтағы іскерлік және MICE-туризмінің (кездесулер, конференциялар, көрмелер және т. б.) жетекші орталығы ретінде танылуда», — деді А. Мамин.

Қалалық туризм бойынша жаһандық саммит жылына бір рет, БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) талаптарына сәйкес таңдалған қалада өткізіледі.

Биылғы шара «Ақылды қалалар, ақылды бағыттар» тақырыбында өтеді, оған әлемнің 30 елінен 700-ге жуық адам, туризм индустриясының мамандары, Индонезияның қоғамдық жұмыстар және тұрғын үй құрылысы министрі, Анкара, Таллин, Исламабад, Қазан, Ташкент, Самарқанд, Токмок мэрлері, 25 қаланың – Малага, Хельсинки, Бангкок және т. б. елдердің вице-мэрлері қатысады.

Қазақстан астанасы 2018 жылдың мамыр айында UNWTO үлестес мүшелері бағдарламасының құрамына қосылды. Бұған дейін форум туризмнің даму деңгейі жалпы әлемдік көрсеткіштерден асатын ірі қалаларда өтті, атап айтсақ: Ыстамбұл, Мәскеу, Барселона, Марракеш, Люксор, Куала-Лумпур, Сеул.

Соңғы жаңалықтар

21 жыл бойы құжатсыз жүрген

Аймақтар • Бүгін, 10:59

VII PR форумы Алматыда өтті

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Бас басылымның байтақ белесі

Аймақтар • Бүгін, 09:08

Қайта оралған құмаршық

Аймақтар • Бүгін, 07:54

Термешілер тереңнен тербеді

Әдебиет • Бүгін, 07:52

Хазіреттер қазынасы

Руханият • Бүгін, 07:43

«Спецхранда» сақталған...

Руханият • Бүгін, 07:26

«Тәкаппар екен құлжа алма»

Қоғам • Бүгін, 07:23

Заң керек!

Экология • Бүгін, 07:20

Ел құрметі ерекше

100 • Бүгін, 07:14

Ит жүгіртіп, құс салды

Аймақтар • Бүгін, 07:12

Сенім һәм серпін

Руханият • Бүгін, 07:09

Парасаттылық – басты назарда

Аймақтар • Бүгін, 06:30

Хат қоржын (14.11.2019)

Әдебиет • Бүгін, 06:28

Күріш сұрыптары сұйылып барады

Экономика • Бүгін, 06:24

Сипаты бөлек куәлік

Қоғам • Бүгін, 06:14

Алтын Адам Афинада

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар