Президент • 08 Қазан, 2025
Президент макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 08 Қазан, 2025
Дәрі-дәрмекті таңдау еркіндігі беріледі
Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа тетігін енгізуге кірісті. Нақтыласақ, дәрілерді бірлесіп төлеу жүйесі іске қосылады. Қанатқақты жоба биыл Астана қаласында басталып, қолданыстағы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін толықтырады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қазан, 2025
Конор Макгрегор 18 айға спорттан шеттетілді
АҚШ-тың Допингке қарсы агенттігі (USADA) UFC-дің бұрынғы екі дүркін чемпионы Конор Макгрегорға қатысты шешімін жариялады. UFC жұлдызы үш рет биологиялық үлгілерді тапсырмағандықтан, оған 18 айлық дисквалификация тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 08 Қазан, 2025
Көмірсутектер игерілмеген жерлерде барлау мен өндіру күшейтіледі
Қазақстанның қазіргі мұнай-газ өндіру көлемі негізінен үш ірі кен орнына – Теңіз, Қашаған және Қарашығанаққа тәуелді. Ал өзге кен орындарының қоры сарқылу кезеңіне жақындап қалды. Сондықтан жаңа мұнай мен газ қорларын анықтау маңызды. Осыған орай бүгін депутаттар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске көмірсутек және уран секторында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Қазан, 2025
Палестинаны қолдау шерулері өтті
Газадағы соғыс басталғанына екі жыл өтуіне байланысты әлемнің ондаған елінде Палестинаны қолдау шерулері өтті. Германия, Ұлыбритания, Франция, Швейцария, Түркия және Латын Америкасы мемлекеттерінде мыңдаған адам көшеге шығып, бейбітшілік пен әділдік орнауын талап етті. Қатысушылардың көпшілігі Израильдің әскери әрекеттерін айыптап, бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.