Әлем • 08 Қазан, 2025

Палестинаны қолдау шерулері өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Газадағы соғыс басталғанына екі жыл өтуіне байланысты әлемнің ондаған елінде Палестинаны қолдау шерулері өтті. Германия, Ұлыбритания, Франция, Швейцария, Түркия және Латын Америкасы мемлекеттерінде мыңдаған адам көшеге шығып, бейбітшілік пен әділдік орнауын талап етті. Қатысушылардың көпшілігі Израильдің әскери әрекеттерін айыптап, бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Палестинаны қолдау шерулері өтті

Фото: Getty Images / BBC.com

Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық істер жөніндегі үйлестіру басқармасы мен Газа Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың жазына дейінгі кезеңде Газа секторында 58 мыңнан астам адам қаза тапқан, ал 1,9 миллионға жуық тұрғын бірнеше рет қоныс аударуға мәжбүр болған. Бұл – аймақтағы халықтың шамамен 90 пайызы. Қақтығыс салдарынан миллиондаған адам баспанасыз қалды, электр мен ауызсу тапшылығы әлі де шешілмеген күйде.

Бүгінде халықаралық қауымдастық өкілдері атысты тоқтату мен гуманитарлық дәліздер ашу қажеттігін жиі айтып келеді. Әлем елдерінің астаналарында өткен шерулер де осы үндеуді күшейтіп, бейбітшілікке шақырған адамзат дауысының бірігуін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50