Жұмыс • 30 Қазан, 2023
Жұмыспен қамту қашанда маңызды. Дана халқымыз «қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» деп бекер айтпаған. Биыл өңірде 31 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделсе, оның 25 мыңы – тұрақты жұмыс орны.
Медицина • 30 Қазан, 2023
«Аңсаған сәби» бағдарламасы 6 мың шаңырақты шаттыққа бөледі
Адамзат сабақтастығының алтын арқауын жалғап ұрпақ өрбіту – әрбір ата-ананың асыл арманы. Өкініштісі, осы аңсаған арманына қол жеткізе алмай шерменде болған шаңырақ аз емес. Ал ондай қамкөңіл отбасылардың қатарын сейілтіп, шемен болып қатқан шердің түйінін сүйіншімен тарқатуға септігін тигізген шарапаты мол шара – «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы.
Руханият • 30 Қазан, 2023
Бала табиғатын танып, бүлдіршіндердің жүрек лүпілін дөп басатын бірден-бір басылым болса ол, шүбәсіз – қазақ балалар әдебиетінің атасы атанған көрнекті қаламгер Мұзафар Әлімбаев негізін қалаған «Балдырған» журналы. Мұзағаңның есімімен егіз аталатын журналдың жарық көргеніне биыл 65 жыл толса, басылымды 30 жылға жуық басқарып, руханият көгіне алып шыққан Мұзафар Әлімбаевтың ғасыр тойы. Осыған орай, Алматыдағы ұлттық кітапханада «Мұзафар Әлімбаев және «Балдырған» журналы» атты ғылыми конференция өтіп, мазмұнды шара ән мен жыр асқақтаған рухани кешке ұласты.
Аймақтар • 30 Қазан, 2023
Сыңсыған орманды алқабы мол Ақмола облысында «Орман-дала-2023» оқу-жаттығу өткізілді. Орманға қауіп көп екені белгілі. Биыл ересен ыстық болды. Кірпік қақпай атқарылған ыждағатты күзеттің көмегімен ауқымды өрт орын алған жоқ. Әйтсе де, сақтанғанның сау болатыны мәлім.
Шахмат • 30 Қазан, 2023
Қазақстан шахмат федерациясы «Freedom Broker» компаниясының демеушілігімен «Шахмат керуені» жобасы аясында ел аралап жүр. Дәл Республика күні керуен Орал қаласына ат басын тіреп, ойлылар ойынның өңірдегі үздіктерін анықтады.