Аймақтар • 03 Қазан, 2018
Торғайда дүрілдеп той өтті. Ол Жангелдин ауданының құрылғанына 90 жыл, Торғайдың қала мәртебесін алуына 150, батыр, мәмілегер Шақшақ Жәнібектің туғанына 325 жыл толуына арналды. Бұл біраздан бері осы өңірде болмаған басқосу еді. Ұлы дала төсінде жатқан Торғайдың басты байлығы – тағылымды тарихы, текті тұлғалары. Өйткені осы даланы шиырлаған тарих жолдарының барлығы да еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бостандығына алып келген. «Торғай елі – тұлғалар мекені» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда бұл жан-жақты айтылды.
Таным • 03 Қазан, 2018
Иманжүсіп Құтпанұлының фотосуреті қалай табылған?
Газет бетіне жарияланып отырған мына сурет биыл туғанына 155 жыл толып отырған қазақтың қаһарман арыстарының бірі Иманжүсіп Құтпанұлының шынайы бейнесі. Бұл жәдігерге ұзақ жыл іздеу салып, ақыры тәңірдің бұйрығымен ойда-жоқта тауып алған адам – батырдың немересі Раушан Нұрқанқызы апамыз. Фотоның нұсқасы қазір елорда іргесінде орналасқан Жібек жолы ауылы И.Құтпанұлы атындағы орта мектептің музей-кабинетінде сақтаулы тұр.
Театр • 03 Қазан, 2018
Әуезов театрындағы республикалық практикум өз мәресіне жетті
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан театрлар Ассоциациясы ұйымдастырған Шет елдік шеберлердің қатысуымен театр өнері қайраткерлерінің Республикалық практикумы өз мәресіне жетті.
Қазақстан • 03 Қазан, 2018
Ұлттық музей мамандары жоғары топқа арналған семинарға қатысты
Жақында Ұлттық музейдің мамандары Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі мен Қытай Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен Бейжің, Чанчунь, Харбин қалаларында музей ісін жүргізу бойынша жоғары топқа арналған семинарға қатысып қайтты. Музей мамандарының өзара тәжірибе алмасуы мақсатында ұйымдастырылған мұндай семинар осыдан екі жыл бұрын өткізілген болатын.
Өнер • 03 Қазан, 2018
Абай әлемі – бейнелеу өнерінде
Ұзақ жылдар бойы ұлы ақын мұрасын жан-жақты насихаттап отырған Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі өзінің құрылған уақытынан бастап қорды қалыптастыру және толықтыру жұмысын ең басты міндеті деп есептейді. Оның ішінде Абай тақырыбындағы бейнелеу өнері туындыларымен толықтыру жұмысы үзбей жалғасуда.