Шаруашылық • 04 Қазан, 2024
Күннің әрбір ашық сәтін ұтымды пайдаланған ақмолалық диқандардың алды егін орағын аяқтады. Дала ерлері 5 млн тоннадан астам астық бастырды.
Қоғам • 04 Қазан, 2024
ТМД байқаушылар миссиясы басшысымен кездесті
Кеше Орталық референдум комиссиясында ОРК төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД байқаушылар миссиясының басшысы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимовпен кездесті.
Аймақтар • 04 Қазан, 2024
Құлсарыдағы ауызсу сапасы талапқа сай
Атырау облысында Қиғаш өзенінен су жеткізетін магистралды су құбыры бар. Құбыр арқылы келген техникалық суды ауызсу сапасына дейін жеткізетін «Құлсары» су тазарту құрылғысы жұмыс істейді. Өндірістік сүзгіден өткен ауызсу Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласы мен «Теңіз» вахталық кентіне жеткізіледі.
Білім • 04 Қазан, 2024
Іргелі ғылым үйірмеден басталады
Біреу білер, біреу білмес, кеме үлгілерін жасау (судомоделизм) деген техникалық спорт түрі бар. Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық балалар шығармашылығы үйіндегі кеме үлгілеу үйірмесінің шәкірттері соңғы жылдары республикалық сайыстарда жиі жүлде алып жүр.
Мирас • 04 Қазан, 2024
Қазақтың бүркітші қыздары: Шетелдіктер үшеуін киноға түсірген
Құсбегілік қазақтың қанына сіңген ерекше қасиет екенін әлем 13 жастағы бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайып арқылы таныды. Көшпелілер өмірі режиссер Отто Беллдің «The Eagle Huntress» атты фильмі негізінде өркениет сахнасында қайта бір жаңғырды. Фильм 2015 жылы «Оскар» сыйлығына ұсынылса, ал 2018 жылы Айшолпан Нью-Йорк қаласында Азияның ең таңдаулы тұлғаларына табысталатын «Asia Game Changer» сыйлығын иеленді. Осылайша, көшпелілер өмірінің құндылығын Моңғолияда тұратын қазақтар қайта жандандырып, «бүркітші қыз» деген тіркесті жиі қолданатын күнге жеттік. Айшолпанға деген құрмет те артты.