Үкімет • 24 Қазан, 2017
Сағынтаев Алматы кәсіпкерлерімен қаланың бизнес ортасын дамытудың бағыттарын талқылады
Бүгін Алматыға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҰКП Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді, онда шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалы бағыттары талқыланды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Әлем • 24 Қазан, 2017
«Егемен» төрағасы Жапониядағы негізгі басылымның бірі «Асахи Шимбун» басшылығымен кездесті
Бүгін «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Жапонияның ең ірі газеттерінің бірі Асахи Шимбунның Токиодағы бас ғимаратында болып, басылым қызметімен танысты және екіжақты әріптестік орнату мүмкіндіктерін ұйым басшылығымен талқылады.
Аймақтар • 24 Қазан, 2017
Солтүстік Қазақстанда «Парыз 2017» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов «Парыз 2017» және «Еңбек жолы» облыстық байқауының жеңімпаздарына арнайы марапаттарды салтанатты түрде табыс етті.
Аймақтар • 24 Қазан, 2017
Торғай өңірінде композитор Бақытжан Байқадамовтың 100 жылдығы аталып өтті
Аманкелді ауданында қазақтың ән өнеріндегі айтулы тұлға, композитор Бақытжан Байқадамовтың туғанына 100 жыл толуына орай ән-күймен астарланған, ойлы шара өтті.
Аймақтар • 24 Қазан, 2017
ОҚО-да 2021 жылы халықтың 95,5 пайызы газбен қамтылады
Оңтүстік Қазақстан облысында 2021 жылға қарай халықтың 95,5 пайызы газбен қамтылады. Бұл меже 2017-2021 жылдарға арналған облыстың елді мекендерін газдандырудың жоспары негізінде жүзеге асады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжілісте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы мәлім етті.