Қазақстан • 07 Қазан, 2020
Мемқызметшілерге құнды сыйлықтар тарту етуге тыйым салынды
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық көріністерін жүйелі түрде алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізуге бағытталған Заңға қол қойды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті.
Қазақстан • 07 Қазан, 2020
Тергеу қызметкерлері қылмыстық араңдатушылық әрекеттері үшін жауапқа тартылады
Қылмыстық кодекске «қылмысқа арандату» деген 412-1-бап енгізіледі, ол тек парақорлықпен шектелмей, кез келген қылмысты қамтитын болады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Қазақстан • 07 Қазан, 2020
Жақын туыстардың мемлекеттік қызметте бірге жұмыс істеуіне тыйым салынды
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда және басқа да бірқатар заңдарда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды ғана атқара алмайтынын, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары тікелей бағынысты лауазымдарды иелене алмайтынын хабарлады.
Экономика • 07 Қазан, 2020
Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бүгінгі бағамы 428,87 теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Қазан, 2020
ПТР анықтамасы болмаған екі шетелдік депортацияланды
Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов екі шетелдіктің ПТР анықтамасы болмағандықтан Қазақстаннан депортацияланғанын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz