Қазақстан • 07 Қазан, 2020

Тергеу қызметкерлері қылмыстық араңдатушылық әрекеттері үшін жауапқа тартылады

599 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қылмыстық кодекске «қылмысқа арандату» деген 412-1-бап енгізіледі, ол тек парақорлықпен шектелмей, кез келген қылмысты қамтитын болады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Тергеу қызметкерлері қылмыстық араңдатушылық әрекеттері үшін жауапқа тартылады

Спикер жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның, кейіннен әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген заңсыз әрекеттері, қылмыстың арандатуына жататынын атап өтті.

«Жазаның ең төменгі шегі – 7 жылға дейін мерзімге, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру. Ең жоғарғы санкция – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру», - деп атап өтті О. Бектенов.

Жаза заңсыз әрекеттердің зорлық-зомбылықпен не күш қолдану қатерімен ұштасқанына, мүліктің жойылуына немесе бүлінуіне әкеп соққанына, не адамның материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып жасалғанына, қылмыстық топтың мүдделерінде жасалғанына, немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққанына қарай тағайындалатын болады.