Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Қызылорда облысында күзгі егін жинау жұмыстары жалғасуда
Статистикалық мәліметке сәйкес облыс бойынша 184,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 99,9 мың гектар, майлы дақылдар 5,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 61,0 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың гектар. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 89,5 мың гектар. Бұл туралы Egemen.kz облыстық ауылшаруашылық басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Білім • 06 Қазан, 2020
ЖОО-дарында жан басына берілетін қаражаттың 50%-ы жалақыға жұмсалады
Білім сапасын көтереміз десек, онда оның ең басты шарты − оқытушылардың жалақысы. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 06 Қазан, 2020
Отандасымыз Miss Asia Internet 2020 байқауында жеңіске жетті
Қазақстандық Зарина Загидуллина дауыс беру қорытындысы бойынша Miss Asia Internet 2020 сұлулық байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Алматы облысының әкімі салынып жатқан нысандарды тексерді
Облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданында салынып жатқан нысандарды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 06 Қазан, 2020
Шетелден оралған 22 жолаушы коронавирусқа ПТР-тест тапсырудан бас тартты
БАӘ мен Түркиядан қайтқан 22 адам COVID-19-ға ПТР тест тапсырудан бас тартты. Дәрігерлер бірнеше сағат бойы келгендерді ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын орындауға көндірген, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.