Басылым • 26 Қазан, 2023
Кешегі кеңес заманынан бастап, тәуелсіздікке қол жеткізген отыз жылдан астам уақыттан бері еліміз бойынша түрлі сала басшылығына кімдер келіп, кімдер кетпеген? Өкінішке қарай, солардың көбінің есімі қызметтен кеткен күннің ертеңінде ұмытылып қалып жатады. Рас, аз да болса артында ізі қалған басшылар да жоқ емес. Республикамыздың Ішкі істер министрлігінің тізгінін екі мәрте қолына алған Шырақбек Қабылбаев солардың бірі ғана емес, бірегейі болатын. Биыл туғанына 115 жыл толып, ал өмірден өткеніне жарты ғасырға жуық уақыт өтсе де оның есімі ұмытылмай келе жатқаны соған айқын айғақ болса керек. Кейінгі жылдары данқты генерал, реформатор министр есімі бір кезде өзі ашқан Қостанайдағы полиция академиясына, Алматы мен Семей қалаларындағы көшелерге беріліп отырғаны осы сөзімізді бекіте түсе ме дейміз.
Аймақтар • 26 Қазан, 2023
Елдігімізді айғақтайтын айбарлы мереке күні аймағымыздағы ағайын қуанышқа бөленді. Облыстың аудан-қалаларында бірнеше үй берілді. Көпбалалы шаңырақ, мүмкіндігі шектеулі жандар, әлеуметтік аз қамтылған отбасы жаңа баспанаға қол жеткізіп, ұлық мереке қоныстойға ұласты. Мереке шуағы осылайша бірнеше шаңыраққа шаттық сыйлады.
Аймақтар • 26 Қазан, 2023
Таразда нәрестені 1,5 миллион теңгеге сатқан екі акушер сотталды
Таразда нәрестені сатуға қатысты шулы іске нүкте қойылды. Іс Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Екі дәрігер кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қазан, 2023
108 отбасының су жаңа шаңырағы
Қостанайда тағы бір көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Республика күні мерекесі қарсаңында «Юбилейный» шағын ауданындағы тоғыз қабат еңселі үйге баспана кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, кәмелетке толған жетім балалар мен зейнеткерлер қоныстанды. Қоныстанушыларды облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы келіп құттықтап, әр отбасына пәтер кілтін табыс етті.
Хоккей • 26 Қазан, 2023
«Автомобилистен» айласын асыра алмады
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктегі кезекті ойынын Екатеринбургтің «Автомобилист» командасымен өткізді.