Аймақтар • 28 Қазан, 2021
Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 15 мың адамнан асты. Соңғы 7 күнде 190 адамның ауруға шалдыққаны анықталды. Бүгінде 400-ге жуық адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Өңірде жалпы 1 млн-нан астам адам ПТР-тесттен өткен. Инфекциялық төсектік орындар санының жүктемесі 37,2%-ға, карантиндік төсектік орынның жүктемесі – 2,6%-ға, жансақтау төсектік орындар санының жүктемесі 33%-ға қысқартылды.
Аймақтар • 28 Қазан, 2021
Індет басталғалы бері Сыр бойында 18 639 адам вирус жұқтырыпты. Осы науқастардың 82 пайызы биыл тіркеліп отыр. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 3 есеге дейін ұлғайған. Жазда бой бермей кеткен дерт соңғы 2 айда төмендеп, жұрт көңіліндегі қорқыныш та сейіле түскендей.
Елорда • 28 Қазан, 2021
Нұр-Сұлтан қаласында «Дегдар» гуманитарлық қоры арнаулы оқу-тәрбие мекемелеріне 160 домбыра тарту етті. «Дегдар» гуманитарлық қоры «Күй анасы» республикалық қорының қолдауымен Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай жетім балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына 160 домбыра сыйлады.
Қазақстан • 28 Қазан, 2021
Тарихтың көшбасшы ұлы ұмытылмайды
Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың және Президенттің бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының лауреаты Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың 90 жылдығына арналған «Тарихшы және оның заманы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.
Экономика • 28 Қазан, 2021
Бразилиямен сауда айналымы артты
Бізге футбол арқылы ғана белгілі Бразилия елімен пәлендей қарым-қатынасымыз жоқ деп ойлаймыз ғой. Бірақ шалғайдағы мемлекетпен де ресми байланыс орнатылып, тіпті сауда-саттық та жолға қойылған. Мәселен, 2021 жылдың 8 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 2,3 есе өсіп, 109,8 млн АҚШ доллар құраған, осы уақытта экспорт 92,6 пайызға өсім көрсетіп, 47,4 млн долларға жетіпті.