Қоғам • 31 Қазан, 2017
Қазіргі заманғы құлдар. Олар кімдер?
Құлдар туралы әңгіме қозғала қалса әдетте көз алдымызға сонау біздің дәуірімізге дейінгі замандардағы құлдық қоғам елестейді немесе сәл берірек келсек, ХІХ ғасырда Америка құрлығында плантацияларда ауыр жұмыстарға жегілген африкалық құлдарды еске түсіреміз. Бұлар аяқ-қолдары кісенделген, бейнеттің ең бір зіл батпанын мойындарымен көтергендеріне қарамастан, қожайындарынан зорлық-зомбылық көрген тура мағынасындағы құлдар. Сөйтсек, құлдық қоғам әлдеқашан жойылғанымен, адамдардың құл іспетті жұмыс істеуі, яғни соған мәжбүр болуы әлемде ешқашан жойылмаған екен. Бар айырмашылығы қазір қалаған-қаламағаныңа қарамастан сені белгілі бір міндеттерді атқаруға күшпен, зорлық-зомбылықпен емес, түрлі әдіс-тәсілдермен, айла-шарғылармен тәуелді етеді. Қалай дейсіз ғой. Осындай пікір айтушылар оны былайша түсіндіреді.
Үкімет • 31 Қазан, 2017
Үкімет латын графикасын енгізу бойынша жұмыс тобын құрады
Үкімет қазақ тілінің латын графикасын енгізу бойынша жұмыс тобын құрады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Теннис • 31 Қазан, 2017
Алматыдағы ЦСКА теннис орталығында Токиода өткен WTA турнирінің жеңімпазы Зарина Дияс жасөспірім спортшыларға арнап шеберлік сабағын өткізді.
Қазақстан • 31 Қазан, 2017
Шымкент әкімі «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды
Ғабидулла Әбдірахымов «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды
Аймақтар • 31 Қазан, 2017
Оңтүстік Қазақстан облысы озық технологияларды қолдануда көш бастап тұр
Аграрлы аймақ - Оңтүстік Қазақстан облысы озық технологияларды қолдануда көш бастап тұр. Мәселен, жаңа бастамамен облыста алғаш рет 59 гектар жерге жаңғақ, 7 гектарға бадамша егілді. Ал, тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың га жетті. Бұл республикалық үлестің 72 пайызын құрап отыр.