Экономика • 28 Қазан, 2020
Жаркент өңірінің даңқы кезінде жүгері өсірумен шыққан еді. Қазір де аудан диқандары дәстүрлі дақылды көптеп өсіреді. Биылдың өзінде аудан бойынша 26 059 гектар жерге дала аруы дәні егілген. Қазіргі уақытта 24 196 гектар алқабы жиналып алынды. Күтімі келіссе, жүгерінің өнімі жоғары болады.
Аймақтар • 28 Қазан, 2020
Ауылдың әлеуетін арттыру мақсатында бүгінде мемлекет тарапынан айтарлықтай көмек берілуде. Жамбыл облысындағы көптеген ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруде. Мәселен, Шу ауданының Алға ауылдық округінде мектеп салу, көшелерді жөндеу осы уақытқа дейін күрделі мәселелердің бірі болып келген. Аталған округтің құрамына кіретін Сауытбек және Жайсан елді мекендерінде де білім ошағы болғанымен, мұнда да сол көшелерді жөндеу, газ тарту мәселесі күн тәртібінде тұрған. Енді аталған мәселелер биыл біртіндеп шешімін табуда. Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров бүгінде барлық ауылдардың мәселесін шешуге тиісті қаражат бөлініп отырғанын, нәтижесінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Қоғам • 28 Қазан, 2020
Электр желісінің ескіргенін ескермеуге болмайды
Бұрнағы жылдары шалғайдағы шағын ауылдар түгілі, ірі елді мекендерде қақаған қыс ішінде апат салдарынан электр қуаты берілмей қалып, ел әбігерге түсетін. Биыл «Көкшетау энерго» серіктестігі қатал сыншы – қысқа қапысыз дайындалуда. Әйтсе де көптен қордаланып қалған мәселелер аз емес. Соңғы бес жыл ішінде электр жабдықтарын жаңғыртуға инвестиция құйылғанымен, жалпы көлемнің 4,2 пайызы ғана ауыстырылған.
Экономика • 28 Қазан, 2020
Баспаналы болу мүмкіндігі артты
Ұлттық банк «Баспана хит» ипотекалық несиелеу бағдарламасына өзгерістер енгізді. Жаңашылдыққа сәйкес, енді үлескерлік құрылысқа қатысуға болады. Сондай-ақ пәтерді салынып жатқан үйден алуға мүмкіндік туды. Бұдан бөлек, сатып алынатын үйдің шекті құны ұлғайтылды. Мұның бәрі қазақстандықтардың баспаналы болу мүмкіндігін арттырмақ.
Экономика • 28 Қазан, 2020
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту – ауылды дамыту
Қазақстан агроөнеркәсіп кешені қауымдастықтарының альянсы және «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2022-2027 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына тұжырымдамалық тәсілдерді ұсынды. АӨК-ті дамытудың түйткілді мәселелерін талқылау және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуде тараптар әріптестік ниетін нығайту үшін өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.