Әдебиет • 28 Қазан, 2020
Талантты адамдардың «тәтті тамұғынан» буырқанып, бұлқына шыққан сәтті туындыларына таңғалмақ керек. Жанды картинаға, жақсы өлеңге һәм тәуір шығармаға таңғалу екібастан дұрыс. Әрі өз басыңа бұйырмаған өнерді басқа бір замандасыңнан көріп, тамсана таңғалуың заңды құбылыс сияқты. Яғни бұл да белгілі бір деңгейде мәдениеттіліктің белгісі дейміз. Алайда уақыт өте келе жақсыға таңғалудың жөні мен жосығы да өзгереді екен.
Әдебиет • 28 Қазан, 2020
Нобель сыйлығына кім не сатып алды?
Әдебиет пен ғылым саласындағы ең беделді, қаржысы да қомақты марапат – Нобель сыйлығы. Тіліне, дініне, нәсіліне, жынысына, сондай-ақ азаматтығына қарамай, ғылымда жаңалық ашып, әдебиетте ерекше ойлау қабілетімен, жазу мәнерімен алға суырылып шыққан кез келген талантты адамның алу мүмкіндігі бар сыйлық екені ережесінде ап-анық жазылған.
Хоккей • 28 Қазан, 2020
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» Ресейдің Новосибирск қаласына сапар шегіп, тартысты өткен ойында «Сибирь» командасынан жеңіліп қалды. Бұл – «Барыстың» қатарынан үшінші жеңілісі.
Қоғам • 28 Қазан, 2020
Қазіргі уақытта Жамбыл облысында балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Дегенмен, табиғаты қолайлы, суы мол аймақта бұл үрдіс біртіндеп болса да қолға алынуда. Ақ амур, форель және балықтың өзге де түрлерін өсіру науқаны басталуда. Бүгінде өңір бойынша балық шаруашылығын дамытуға арналған 121 жергілікті маңызы бар су айдыны бар екен. Сондай-ақ аймақта республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 алқабы орналасқан. Қазіргі кезде жергілікті маңызы бар су айдынындағы 83 айдын аталған кәсіппен айналысуға ниетті 74 табиғат пайдаланушыға бекітіліп беріліпті. Ал қалған 38 балық шаруашылығына арналған су айдыны әзірге бос тұр.
Аймақтар • 28 Қазан, 2020
Сәтті шыққан әлдебір көркем туындының авторы деп ойлап қалмаңыз. Кейіпкеріміз бейнеті мен зейнеті қатар өрілген екінің бірінің маңдайына бұйыра бермейтін шын мәніндегі өнегелі өмірдің авторы, замана құбылыстарының дауылына қыңқ етпей төзіп, сынық кірпішін жерге түсірмеген тұйықтағы шағын ауылдағы ырыс-берекеге толы құтты тұрмыс-тіршіліктің авторы. Әңгіме бүкіл аймақтың мақтанышына, бүтін елдің игілігіне айналған Әулиекөлдің асыл тұқымды етті ірі қарасын шығаруға ат салысқан авторлардың бірі, елдің еңбекторысы атанған Зейнолла Жаңбыршинов жайында өрбімек.