Республика күні • 25 Қазан, 2024
Егемендіктің елең-алаңы: Декларация қалай қабылданды?
Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған Республика күні – Қазақ елінің ұлттық мерекесі. 1995 жылдан бастап ұлттық мереке, 2001 жылдан мемлекеттік мереке ретінде тойланып келген бұл күн 2009 жылдан кейін атаусыз қалғаны белгілі. Ал екі жыл бұрын 29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ұлттық мереке» мәртебесі беріліп, елдің басты мейрамы ретінде қайта жаңғырды. Қайта оралған тарихи күнді бүгін, міне, үшінші мәрте атап өтіп жатырмыз. Бұл – өткенге көз жіберіп, жетістігіміз бен қателігімізді саралап, тарихтан сабақ алар сәт. Тар жол тайғақ кеше жүріп тәуелсіздікке жеткенімізді, азуын айға білеген алып империяның құрсауынан қалай құтылғанымызды ой елегінен өткізер мезет.
Президент • 25 Қазан, 2024
Президент ел азаматтарын Республика күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2024
Ғылым және жоғары білім саласының өкілдері марапатталды
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері, Президент жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, ғалымдар мен зерттеушілер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2024
Республика күні - халық бірлігінің белгісі
Республика күні әлемнің көптеген елінде ұлттық мереке ретінде тойланады. Сәйкесінше, бұл ерекше күннің тарихы әр елде әртүрлі. Ал Қазақстанда 1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бірақ бұл күн ұлттық мереке мәртебесіне 2022 жылдың 29 қыркүйегінде ие болды. Содан бері 25 қазан күні еліміздің басты ұлттық мерекесіне айналды. Республика күні тек елімізде ғана емес, сондай-ақ шет мемлекеттерде де атап өтіледі.
Кітапхана • 24 Қазан, 2024
Саясат Нұрбек кітапханашыларды құттықтады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек кітапханашыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, кітапхана ісінің қазіргі заманғы кадрларын даярлауға басты назар аударылып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрдің Telegram арнасына сілтеме жасап.