Қоғам • 24 Қазан, 2022
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Sensitive нашар еститін бишілер театрының көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикова «Құрмет» орденімен марапатталды. Награданы Ұлттық мереке қарсаңында сала басшысы тапсырды.
Қоғам • 24 Қазан, 2022
Кітапханашылардың кәсіби мерекесі
24 қазан – Кітапханашылар күні. Жаңа кәсіби мерекені Үкімет жуырда ғана бекіткен еді. Кеше еліміздің 19 мың кітапханашысы тұңғыш рет кәсіби мерекені атап өтті.
Қоғам • 24 Қазан, 2022
Өсіп-өнген, құтайған, шаңырағынан мейір-шапағат төгіліп, жылылық ескен өнегелі әулеттерді әлеуметке кеңінен әйгілеудің маңызы зор. Бұл ретте бұқараның назарын бұрған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жыл сайын қаншама үлгілі отбасыны көпшілікке таныстырып келеді. Биыл да осы игі дәстүр жалғасын тауып, еліміздің әр өңірінен жиналған үздік отбасылар Астананың төрін толтырды. Осынау мерейлі шараға қатысқан, жеңімпаз атанған отбасыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтауын жолдады.
Қоғам • 24 Қазан, 2022
Қандай заман болсын, халқымыз қанына сіңген, болмысына біткен шарапатшыл, мейірбан сияқты асыл қасиетінен ажырап қалмағанына бүгінгі күнімізден де көптеп мысал келтіруге болады. Арамызда осындай кеңпейілдігімізді іс жүзінде ізгі амалдарымен көрсетіп жүрген азаматтар баршылық. Олардың қайырлы істері қоғам тарапынан атаусыз қалған емес. Осы орайда халық алғысын арқалаған үздік меценаттар мен филантроптар Астананың төрінде «Жомарт жүрек» республикалық сыйлығымен марапатталды.
Қоғам • 24 Қазан, 2022
«Қорқыт ата» телехикаясы қанат қақты
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Алматы облысында түсіріліп жатқан «Қорқыт ата» телехикаясының түсірілім алаңына барды. Тарихи туындыны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстан Республикасының «Кинематография агенттігі» бірлесе түсіреді.