Қоғам • 22 Қазан, 2022

ОСК сайлауалды штабтар үшін оқыту семинарын өткізіп жатыр

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезектен тыс Президент сайлауы аясында кандидаттардың сайлауалды штабтарында оқыту семинары өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

ОСК сайлауалды штабтар үшін оқыту семинарын өткізіп жатыр

«Қаржыландыру ережелерін, сондай-ақ үгіт-насихат жүргізу ережелерін бұзу айтарлықтай күрделі аспекті саналады. Онда әкімшілік және конституциялық құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Кандидаттардың штабы ереже бұзса, кандитат орнынан түсіп қалуы мүмкін», деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Константин Петров.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге кететін шығындарды қаржыландыру мәселесін түсіндірді.

«Сайлауды қаржыландыру – сайлауды әзірлеу мен өткізуді қаржылық қамтамасыз етуге, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қаржыландыруға байланысты сайлау іс-шараларының жиынтығы. Сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы конституциялық заңмен реттеледi. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сайлауды мемлекеттік қаржыландыру және мемлекеттік емес қаржыландыру нормалары қарастырылған. Президент сайлауын қаржыландыру республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттар үшін ашылған шоттары арқылы жүзеге асырылады. Кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының шығыстары сайлау науқандары аясында қаржыландырылады», деді С.Мұстафина.

Еске сала кетейік, 21 қазан күні сағат 18:00-де Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды үгіт жұмысы басталды. Президенттікке кандидат ретінде алты адам тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25