Елорда • 23 Қазан, 2024
Астанада есірткі жарнамалары жойылып жатыр
21 қазанда Астанада есірткіге қарсы акция өтті, оның аясында ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі сату туралы хабарландырулар боялды. Акцияның негізгі мақсаты - есірткі жарнамасының таралуын азайту және жастар арасында нашақорлық мәселесіне назар аудару. Бастама 2024-2025 жылдарға арналған «Астана – есірткісіз қала» кешенді іс-шаралар жоспары шеңберінде жергілікті билік пен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Қазан, 2024
Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 23 Қазан, 2024
Спортшылар «Менің елім – менің туым» акциясына қатысты
Астаналық спортшылар Республика күніне орай бастау алған «Менің елім – менің туым» акциясына қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Қазан, 2024
Жиырма жасөспірім алаяқтарға алданған
Астана қаласы прокуратурасының хабарлауынша кәмелетке толмаған 20-дан астам азамат алаяқтардан зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Қазан, 2024
Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне орала ма
Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы мәселенің нүктесін қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.