Елорда • 23 Қазан, 2024

Астанада есірткі жарнамалары жойылып жатыр

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 қазанда Астанада есірткіге қарсы акция өтті, оның аясында ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі сату туралы хабарландырулар боялды. Акцияның негізгі мақсаты - есірткі жарнамасының таралуын азайту және жастар арасында нашақорлық мәселесіне назар аудару. Бастама 2024-2025 жылдарға арналған «Астана – есірткісіз қала» кешенді іс-шаралар жоспары шеңберінде жергілікті билік пен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада есірткі жарнамалары жойылып жатыр

фото: Астана әкімдігінен

Астанада есірткі қылмысына қарсы күрес саласындағы азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған ESBOL QORY қорының есірткі қылмысының digital-картасы белсенді жұмыс істейді. Бүгінгі күні esbol.kz сайтына елорда тұрғындарынан 400-ден астам өтінім келіп түскен және олардың барлығын құқық қорғау органдары шара қолдану мақсатында қарастырып жатыр.

Айта кетейік, Қазақстандағы нашақорлық мәселесі ұлт денсаулығына, әсіресе жастар үшін негізгі қауіптердің бірі болып отыр. Есірткі туралы Дүниежүзілік баяндаманың (2023) деректері бойынша, Қазақстан 2017-2022 жылдар аралығында дәстүрлі емес нарықтардағы метамфетаминнің тәркіленуі бойынша елдер арасында екінші орында тұр.

Бұдан бөлек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 1 қаңтардағы статистикасы «Психоактивті заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылыстары» диагнозымен динамикалық бақылауда 18-29 жас аралығындағы 2734 адам, сондай-ақ 66 бала мен жасөспірім тұратынын көрсетеді. Бұл деректерді медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының басшысы Анжела Бексұлтанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтқан.