Туризм • 22 Қазан, 2025
Маңғыстау табиғатын әуе шарымен тамашалау мүмкіндігі туады
Анталия қаласында өткен халықаралық Antalya Tourism Fair 2025 туристік көрмесі аясында Маңғыстау облысының туризм басқармасы, түрік компаниясы Uluer Group және Қазақстан туристік қауымдастығы (ҚТҚ) арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы Ерсін Ибрашев, Uluer Group компаниясының бас директоры Сами Махмұт Улуэр және ҚТҚ президенті Роза Асанбаева қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеп.
Қоғам • 22 Қазан, 2025
Жазықсыз бөбектердің жолдары ашылсын
Республика күні мерекесінің қарсаңында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен қазақ дәстүрлерін көрсету шарасы болды. Бұл күні қаладағы Балалар үйіндегі бөбектердің тұсауы кесілді деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 22 Қазан, 2025
Терроризммен ойнаған тергеуге түсер
Петропавл қаласының 14 жасар оқушысы 20 қазанда полицияға мектептердің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсірген. Оқиға орнына барлық жедел қызметтер: полиция, қызметтік иттерді үйретуші кинологтар және жарылғыш заттарды залалсыздандыру жөніндегі мамандар жеткен. Мұқият тексеру барысында күдікті заттар табылмаған деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қазан, 2025
«Қызғылт қазан» марафонына 150-ге жуық әйел қатысты
Қонаевта сүт безі қатерлі ісігіне қарсы айлық аясында «Қызғылт қазан» марафоны өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Қазан, 2025
Қазақстанда таеквондодан (WT) әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда тұңғыш рет таеквондодан (WT) Әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы шешім бүгін Уси қаласында Дүниежүзілік таеквондо (WT) федерациясының Әлем чемпионаты аясындағы жиынында ресми хабарланды.