Қылмыс • 22 Қазан, 2025

Терроризммен ойнаған тергеуге түсер

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласының 14 жасар оқушысы  20 қазанда полицияға мектептердің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсірген. Оқиға орнына барлық жедел қызметтер: полиция, қызметтік иттерді үйретуші кинологтар және жарылғыш заттарды залалсыздандыру жөніндегі мамандар жеткен. Мұқият тексеру барысында күдікті заттар табылмаған деп хабарлайды Egemen.kz.

Терроризммен ойнаған тергеуге түсер

Қазір полиция терроризм актісі туралы жалған хабар жасағаны үшін баланың үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің әрекеті әдепсіз әзілдің салдарынан болған.

Полиция мұндай әрекеттердің ауыр қылмыстық жауапкершілікке соқтыратынын жазады. Заң бойынша терроризм актісі туралы жалған хабар берген адамға 5 мың АЕК дейін айыппұл салу немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза көзделген.

ПЕТРОПАВЛ

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50