Қоғам • 29 Қараша, 2023
Автокөлікке арнайы белгі жапсырмағандарға айыппұл салынады
Елімізде газбен жүретін автокөліктер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы белгі орнатуы қажет, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
Кеншілерге жаңа арнайы әлеуметтік төлемдер енгізіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қарағандыға жұмыс сапары аясында кеншілермен кездесу өткізді. Еңбекминінің басшысы 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем тағайындаудың негізгі тәсілдері туралы айтты. Министр арнайы әлеуметтік төлем ала алатын жұмыскерлердің саны жыл сайын көбейіп отыратынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 29 Қараша, 2023
Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жіберіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Аталған мәселе Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 29 Қараша, 2023
Оразақ Смағұлдың жаңа кітабы жарық көрді
Еліміздегі антропология саласының негізін қалаушы, қазақ ғылымының абызы – Оразақ Смағұлдың «Өмірімнің мәні мен сәні» деп аталған кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қараша, 2023
Олимпиадалық салмаққа ауысқым келмейді – әлем чемпионы
Ол – әлем чемпионы, әскерилер арасында өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы. Қазақстан чемпионатында 5 рет жеңіске жетті. Азия чемпионатының алтын медалін де иеленді. Ол ұлттық құрама сапында 15 жылдан бері айқасқа қатысып келеді. Теміртас Жүсіпов 36 жасында Қазақстанның жазғы Спартакиадасында чемпион атанды. Даңқты боксшыдан келешектегі жоспарын сұрап, аз-кем тілдестік.