Әскер • 21 Қараша, 2024
БАҚ өкілдерінің әскердегі бір күні
Қара күздің сілбіп жауған жаңбыры сап басыла сала ілбіп басқан автобуспен полигонға шығып бара жатқанбыз. Бір-бірімен мәре-сәре болып отырған журналистер қайдан білген, айдалада беттерін тұмшалаған әскерилер автобустың маңын қара түтінге бөктіріп, ішке ентелей енгенде, көпшілік орындарында қатқан. Екі-үш тілшінің басына қап кигізіп, қолдарын қайырған күйі іргесіндегі кірпіші мүжілген ескілеу ғимаратқа сүйрелей жөнелді.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы базасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен Абай ғылыми-мәдени орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына орай Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінен өкілдер қатысып, құттықтау хаттарын табыстады.
Поэзия • 21 Қараша, 2024
Заманауи орыс поэзиясы өрнектері
Орыс ақындары дегенде, көбіне санамызға XIX-XX ғасырдағы классиктер оралады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтан тартып, Есенин, Маяковский, Рубцов сарыны қазақ поэзиясына едәуір әсер еткені даусыз. «Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен, Есенинмін демедім ешкімге мен» деген Мұқағали, өзі ұстаз тұтқан ұстындарды тілге тиек етті. Ал Ресейдің бүгінгі классиктері, болашақ ұстындары кімдер?
Мирас • 21 Қараша, 2024
Мәселенің әлқиссасы Ұлттық рухты ұлықтаған әр қазақты бүгінде «халқымыз жұмыр жердің тіршілік илеуінде жұтылып кетпесе, жастарды тарихи тамырдан үзіп алмасақ» деген ұлы уайым алаңдатады.
Мәдениет • 21 Қараша, 2024
Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы
Түрікменстанның Ашхабад қаласында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлері кеңесінің 41-отырысы өтіп, жиында «Анау – түркі әлемінің мәдени астанасы - 2024» іс-шарасы салтанатты түрде жабылды. Аталған көшпелі міндетті ТҮРКСОЙ ұйымы шешімімен Түрікменстанның Анау қаласынан біздің Ақтау қаласы қабылдап алды.