Бұл казарма курсанттардың қызметі мен өміріне қолайлы жағдай жасап, олардың оқулары мен міндеттерін алаңсыз атқаруына жасалған қамқорлық. Казарма іші жарық, тынысы кең, барлық тұрмыстық жағдайлар қарастырылған. Жатын бөлмелер, жаттығу залдары мен демалыс бөлмелері ең жоғары стандарттарға сай.
«Мұның бәрі ұлан сарбаздарының жауынгерлік дайындығын және рухын көтеруге бағытталған. Жаңа казарманың ашылуы – ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күш құрылымдарының инфрақұрылымын дамытудағы тағы бір маңызды қадам» деп атап өтті өңір басшысы.
ПЕТРОПАВЛ