Аймақтар • 14 Қараша, 2017
ОҚО ардагерлері өңірдегі бірқатар зауыттың жұмысымен танысты
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының 80-ге жуық ардагері мен зиялы қауым өкілдері өңірдегі бірқатар өндіріс ошақтарын аралап көрді. Ондағы мақсат – ардагерлерімізді облысымыздың экономикалық әлеуетімен таныстырып, алдағы атқарылар жұмыстармен хабардар ету болатын.
Қазақстан • 14 Қараша, 2017
Алматыда «Елбасы кітапханасы» орталығы ашылды
Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Елбасы кітапханасы» орталығы ашылды. Оқу орнындағы арнайы кітапхана Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелеріне орай жасақталып отыр.
Президент • 14 Қараша, 2017
Нұрсұлтан Назарбаев Өмірзақ Шөкеевті қабылдады
Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Күрес • 14 Қараша, 2017
Чемпиондар шеберлік сабағын өткізді
Алматының «Халық Арена» спорт кешенінде күрес түрлерінен Олимпиада және Әлем чемпионатының жүлдегерлерінің қатысуымен шеберлік сабағы өтті. Шараны Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы, Алматы қаласы №15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды.
Үкімет • 14 Қараша, 2017
Үкімет басшысы: Электрондық сауда-саттықты дамытқанда тұтынушылардың құқығын ұмытпау керек
Бүгін электрондық сауда-саттықты дамыту мәселесін қарау қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев тұтынушылардың құқықтарын қорғауды және бизнесті онлайн сауда-саттыққа ынталандыру бойынша тәсілдерді қарастыратын заңнаманы жетілдіру шараларын қабылдауды тапсырды.