Аймақтар • 21 Қараша, 2024
Өңірдің ауызсу мәселесі толық шешіледі
Ауылдағы ағайынға ең қажеті – жол мен су. Егер осы негізгі деген екі мәселе оң шешім тапса, онда ауылдың ажары артады, тіршілігі түзеледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауызсумен 100 пайыз қамтамасыз ету туралы Үкіметтің алдына міндет қойды. Президент пәрменінен соң Қарағанды облысында аңқасы кепкен ауыл саны азайып келеді. Бұған дейін бірнеше ауылдағы ел-жұрт қыр асып, құдыққа қауға салып, пәленбай шақырымнан су тасып келді. Енді олар алыстан арбамен су тасымайды, үйінің іргесіндегі сапалы суды тұтынады.
Өнер • 21 Қараша, 2024
Қазақ ұлттық хореография академиясында «Temps lié» III кәсіби хореографиялық оқу орындарының халықаралық фестивалі өтті. Айтулы мәдени оқиға халықаралық аренада балет өнерін дамытуға және ілгерілетуге, сондай-ақ әртүрлі елдердің хореографиялық мектептері арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Спорт • 21 Қараша, 2024
Испанияда «Lamborghini Super Trofeo» халықаралық сайыстың жаһандық финалы өтіп, еліміздің «ARTLine» командасы жеңіске жетті. Әлемдік финал Солтүстік Америка, Еуропа, Азия құрлықтарында болған үш іріктеу кезеңінің жеңімпаздары арасында өтті. Lamborghini Huracan автокөлігін тізгіндеген 67 қатысушы арасында жерлесіміз Егор Оруджев топ жарды.
Зерде • 21 Қараша, 2024
Елорда Шерхан Мұртаза даңғылымен асқақтауға лайық
Таяуда түсіме Шерағаң кірді. Мен қазір Астанадағы «Самал» шағын ауданында тұрамын. Түсімде сыртқа шығып, әдеттегідей үйіміздің жанында тұр екенмін деймін. Кенет дәл алдыма есік пен төрдей, жарқыраған ақ машина келіп тұра қалды. Машинаның ішінен Шерағаның жүзі көрініп, «Әй, Болат, бері жақында, отыр менің қасыма» деген даусы анық естілді. Қолма-қол шұғыл қимылдап Шерағаңның жанына барып отырдым.
Таным • 21 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Қатерлі ісіктен сақтайтын дәрумен
Ғалымдар омега-3, омега-6 май қышқылдары 19 түрлі қатерлі ісіктің даму қаупін төмендететінін анықтады.