Оқиға • 20 Қараша, 2024

ЕАЭО елдері мемлекеттік сатып алуды банк кепілдігімен жүзеге асыра алады

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану жөніндегі келісім ратификацияланды. Келісім 2023 жылы 29 тамызда Мәскеуде жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЕАЭО елдері мемлекеттік сатып алуды банк кепілдігімен жүзеге асыра алады

Фото: АР

Құжатта мемлекеттік сатып алу кезінде кепілдіктері Одаққа мүше басқа мемлекеттерде танылатын банктерге қойылатын бірыңғай талаптар, осындай банктердің тізбесін қалыптастыру тәсілдері, берілген банк кепілдіктерінің тізілімін жүргізу тәртібі айқындалады.

Келісімді ратификациялау – мемлекеттік сатып алу саласында ұзақ мерзімді және тұрақты негіздегі ынтымақтастықты нығайтуға, ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағында тіркелген әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілердің басқа мүше мемлекетте өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға кедергісіз қол жеткізуіне бағытталған.