Шымкент • 20 Қараша, 2024
Абай атындағы Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің іргесі қаланғанына биыл 70 жыл толды. Кітапхана тарихы сонау 1947 жылдан басталады. Сол кезеңде қала тұрғындары теміржол клубына кітаптар апарып өткізе бастаған екен. Кейін клуб 1951 жылы Чапаев поселкесіне көшіріледі. 1954 жылы Шымкент қалалық атқару комитетінің шешімімен кірпіш зауытында №7, текстиль фабрикасында №8 өндірістік кітапханалар ашылады. Оларға орыстың жазушы-публицисі М.Горький мен жазушы А.Чехов есімдері беріледі. 1964 жылы Горький кітапханасы қазіргі Б.Момышұлы көшесіндегі жиырмасыншы үйдің бірінші қабатына орналасады. Содан кейін кітапхана бөлімшесінің саны отызға дейін көбейеді. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары халықтың кітапқа деген қызығушылығы артады.
Білім • 20 Қараша, 2024
Білім сапасын көтереміз десек...
Өзім зейнеттегі кәсіби педагог болғандықтан, бір құлағым білім саласына түрулі жүреді. Әсіресе әр жылдағы ҰБТ-ның көрсеткішін көріп, білім саласындағы өзгерістерге қатты алаңдаймын. Жалпақ әлемді құрсаған пандемияның да мектептегі оқу үдерісіне кері әсерін тигізгенін білеміз.
Аймақтар • 20 Қараша, 2024
Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы орталығында 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылып, Кеңес Одағының батыры Садық Жақсығұловтың туғанына 100 жыл толуына орай қазақ күресінен халықаралық турнир өтті.
Таным • 20 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Ана махаббаты
Махаббат – бәрін өзгерте алатын құдіретті сезім. Оған дәлел болатын тағдырлар да бар.
Аңдатпа • 20 Қараша, 2024
22 қараша - «Қоштасқым келмейді» Музыкалық жас көрермен театрының Түркістан қаласына шығармашылық сапары аясында А.Володиннің «Қоштасқым келмейді» музыкалық драмасы көрсетіледі. Аударған әрі режиссері – А.Маемиров.