Әдебиет • 21 Қараша, 2022
Қазақ поэзиясы дегенде Сағи Жиенбаевтың есімін атамай өту мүмкін емес. Өзіндік жолын қалыптастырып, биігін түзген ақынның халықтың жүрегінен орын алған туындылары әдебиет мәртебесін көтеріп, авторын жарқырата көрсетті.
Әдебиет • 21 Қараша, 2022
Мына жарық әлемге алғаш адам аяғы тиіп, тіршілік басталғалы бері айтылатын жалғыз ақиқат бар: өмір – күрес. Сонда жұлдыз аққандай бір сырғып өте шығатын ғұмырда адам не үшін, кім үшін күреседі дейсің. Жаны үшін бе, малы үшін бе, атақ-абырой, жақсы сөз үшін бе, әлде ел мен жер, тіл үшін бе? Бәлки, шындық үшін, әділдік үшін, арынан аттатпас көзқарасы үшін күресер? Ал мәңгілікке созылардай жан дүниеңнің парша-паршасы шығып, өзіңмен өзің күресудің ауырлығы тіпті сұмдық. Алашапқын өмірдің соңғы минуттары түгесілгенше бітпейтін әйтеуір бір күрес.
Спорт • 21 Қараша, 2022
Кәсіпқой рингте қазақтың қарқыны қалай?
Осыдан бірер күн бұрын Мексиканың Акапулько қаласында өткен Бүкіләлемдік боксшылар кеңесінің (WBC) конгресінде екінші орта салмақта күш сынасып жүрген қазақстандық Әли Ахмедов пен франциялық Кристиан М’Билли арасында жекпе-жектің өтетіні жайында ресми түрде мәлімделген болатын. Егер осы бәсекеде жерлесіміз жеңіске жетсе, онда алдағы уақытта Әлидің аталған нұсқаның чемпиондық атағы үшін таласуы әбден мүмкін.
Спорт • 21 Қараша, 2022
Төрткүл дүниенің спорт жанкүйерлері тағатсыздана күткен футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының алауы жағылды. Жексенбі күні Қатардың Әл-Хаур қаласында орналасқан «Әл-Байт» стадионында биылғы ала доп аламанының ресми ашылу салтанаты өтіп, артынша Қатар мен Эквадор құрамалары арасындағы матчпен турнирдің шымылдығы түрілді.
Аймақтар • 21 Қараша, 2022
Түркістан облысында елді мекендерді таза ауыз су, жарық, газ, сапалы жолмен қамту мәселелері басты назарда. Облыста 831 елді мекеннің 712-сі, яғни 7 қала, 705 ауыл немесе 85,7%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жоспарға сәйкес қалған 119 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуге 21,7 млрд теңге қажет. Осы мақсатта биыл 21 нысанға 5,1 млрд теңге бөлінді. 10 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қалғаны келер жылға өтпелі. Нәтижесінде, 23 елді мекенге ауыз су беріліп, облыс бойынша қамтамасыз ету көрсеткіші 87 %-ға жетеді.