Денсаулық • 16 Қараша, 2023
Ерте қартайған Нұржан Өркешбаевтың қазіргі тіршілігі қандай?
Прогерия ауруына шалдыққан Қазақстандағы жалғыз адам Нұржан Өркешбаев емделуге ниеті болса да, ешқандай жеңілдіктер жоқтығына налиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 16 Қараша, 2023
Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейде корей фотосуретшісі Ён Сун Судың «Менің жаным мен табиғат арасындағы қашықтық» атты жеке көрмесі ашылды. Бейнелеу өнерінің фотографиялық нұсқасын жасай отырып, әлемнің ең таңдаулы туындыларын көрермен жүрегіне жеткізе алған шебер АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Грекия, Жапония, Қытай, Польша, Израиль, Иордания, Канада, Таиланд, Индонезия, Гонконг, Макао, Ресей, Германия, Аустрия, Мажарстан, Чехия, Вьетнам сияқты елдердің ең керемет жерлерінде болып, фотосуреттер жинағын 5 мыңнан аса таңғажайып суретпен толықтырған.
Мәдениет • 16 Қараша, 2023
Жаз жайлауға, қыс қыстауға көшетін көшпелі қазақ әрқашан табиғатпен етене жақын өмір сүрді. Әртүрлі құбылатын табиғаттың дауысына, үніне үңілді, жанын түсінді. Жүгірген аңның, ұшқан құстың, жел-дауылдың, жаңбырдың, сықырлаған аяздың дыбысы қазақтың құлағына сіңіп өсті. Табиғаттың тылсым көріністеріне қанық ата-баба тұрмысында музыкалық аспаптардың көп болуы да осыдан болар. Мәселен, халық музыкасында үрлемелі аспаптардың алатын орны үлкен. Бұл аспаптарды ағаштан, қамыстан, сүйектен, мүйізден, мыстан және саз балшықтан жасаған. Мәселен, сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тастауық, бұғышақ, мүйіз сырнай, қамыс сырнай, мессырнай...
Мәдениет • 16 Қараша, 2023
Қуаныш Мақсұтов: Ақындар айтысының болашағы зор
Қазақтың «Сары тентегі» ретінде танылған ақын, бард Қуаныш Мақсұтов асқаралы белеске қадам басты. Өнерге, өлеңге, мәдениетке деген жанашырлығы оны қайраткер етті. Шертпе күй өнерінің үлкен жоқтаушы өкілі де. Жақында айтыскер шығармашылық кешін өткізіп, халыққа есеп бермекші. Осы іс-шара қарсаңында ақынды әңгімеге тартқан едік.
Тағзым • 16 Қараша, 2023
Әлкей Марғұланның ескерткіш-мүсіні ашылды
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде тағы бір жақсы жаңалық болды. Өткен жылы университетке есімі берілген қазақтың көрнекті ғалымы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Әлкей Марғұланның ескерткіш-мүсіні орнатылды.