Аймақтар • 14 Қараша, 2019
Шымкенттің үлгілі отбасылары анықталды
Үшінші мегаполисте балалары қоғамда елеулі жетістікке жеткен, көп балалы зейнеткер отбасылар арасында дәстүрлі «Үлгілі отбасы» байқауы өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 14 Қараша, 2019
Алматыда пәтер баллдық жүйемен беріледі
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасы бойынша сатып алу құқығынсыз жұмыс жасайтын жастарға жалға берілетін тұрғын үйлер туралы брифинг өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
Спорт • 14 Қараша, 2019
«Астана» – «Манчестер Юнайтед» ойынының билеттері сатылымға шықты
28 қараша күні сағат 21:50-де «Астана Арена» стадионында өтетін Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясындағы «Астана» –«Манчестер Юнайтед» матчына билеттердің онлайн сатылымы басталды деп хабарлайды «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 14 Қараша, 2019
Маңғыстауда қант диабетіне шалдыққандар саны артқан
Биыл қаңтар-қазан айларында қант диабетімен облыс бойынша диспансерлік есепте 9668 науқас тұрған. Бұл туралы медициналық сақтандыру қоры Маңғыстау филиалы хабарлады.
Аймақтар • 14 Қараша, 2019
Бас басылым басшысы журналистермен кездесті
Бүгін жалпыұлттық «Егемен Қазақстан» газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің редакциясында болып, газет ұжымымен кездесті.