Президент • 09 Қараша, 2017
Елбасы «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды
Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында табиғи сүттен сапасы жоғары өнімдер шығаруға маманданған «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлайды Ақорда.
Аймақтар • 09 Қараша, 2017
Қыздар университеті шетелдің беделді жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатты
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Ресейдің Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті білім беру, ғылыми және мәдени байланыстар бойынша өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 09 Қараша, 2017
Ж.Түймебаев: Ордабасы xалқымыздың руx алатын орнына айналуы қажет
Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағытын жүзеге асыру аясында 100-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, аталған жобалардың аясында Ордабасы тауында да ескерткіш орнатып, туристер келіп тамашалайтындай абаттандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Осыған байланысты өңір басшысы Ордабасыға арнайы барып, тиісті сала жетекшілерімен жаңа жобаның нобайын талқылады. Облыс әкімі ұсыныстарды тыңдап, өз ойын ортаға салды.
Алматыда тұрмыс қалдықтарын өңдейтін және шикізат шығаратын ірі кешен іске қосылады
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қаланың биылғы жылғы негізгі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері және таяу арада жүзеге асатын жоспарлар туралы айтты.