Спорт • 21 Қараша, 2022
Биыл Еуропа футболында кішігірім сенсация жасап, Ұлттар лигасы дейтін үлкен турнирде тамаша нәтиже көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасының жігіттері Азия футболында әлсіздік танытты. Бірер ай бұрын ғана УЕФА рейтингінде алғашқы жүздікте тұрған Словакия мен Беларусьті сан соқтырған жерлестеріміз өткен аптада сары құрлықтың үздік құрамалары саналатын Өзбекстан (0:2) мен Біріккен Араб Әмірліктерімен (1:2) жолдастық матчтар өткізіп, екеуінен де жеңіліп қалды.
Спорт • 21 Қараша, 2022
Атырауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Республикамыздың барлық аймағынан келген белді балуандардың басын қосқан жарыста тосын нәтижелер көп тіркелді. Кейбір салмақ дәрежелерінде біраз жылдан бері ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген сақа спортшылар жастарға жол берді.

Қоғам • 21 Қараша, 2022
Тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған қанатқақты жоба аясында өңірде ілкімді істер қолға алынғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Оң нәтиже берген жобаны Үкімет ел аумағында таратуға ниетті. Бүгінде аталған жоба арқылы өз ісін дөңгелетуге мүмкіндік алған азаматтардың қатары көбейіп келеді. Облыстың әр ауданындағы ауылдарда жергілікті жұртшылық кәсібінен нәсібін айыру үшін тынбай еңбектеніп жүр.
Қоғам • 21 Қараша, 2022
Бие сүтінің мың да бір ауруға ем екеніне ешкім күмән келтірмес. Қазақтың «ағы бардың бағы бар» деп бекерден бекер тәпсірлемесі тағы аян. Сүттен айран, қатық, құрт әзірлеген аналарымыздың жылы-жұмсақ дәмі қашанда тәбетті ашады. Ал енді «саумалдан сабын дайындады» дегенді бұрын-сонды естіп пе едіңіз? Естімесеңіз, Қапалға келіңіз.