Аймақтар • 13 Қараша, 2019
Алматыда қант диабетін емдейтін тағы бір орталық ашылды
Медициналық мекеме қалалық жеке меншік клиникалардың бірінде жұмыс істейтін болады. Жаңадан ашылған орталық науқастарды квота бойынша және алдағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында да қабылдауды жоспарлап отыр.
Қазақстан • 13 Қараша, 2019
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша Грекия Мемлекетінің астанасы Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 13 Қараша, 2019
Қырғыз Республикасында Қазақстанның медицина күндері басталды
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Бішкек қаласында өтіп жатқан Қазақстанның медицина күндері аясында Қырғыз республикасының Ана мен баланы қорғау ұлттық орталығымен және Онкология және гематология ұлттық орталығымен екі жақты әріптестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қоғам • 13 Қараша, 2019
«Бақытты отбасы» ресурстық орталықтары жұмыс нәтижесін көрсетті
Отбасы құндылықтары бүгінде әлеуметтік-тұрмыстық жайттардың тасасында қалып барады. Бүтіндей бір отбасының жүгін арқалайтын бірқатар ер азаматтардың да, жан жылуымен балаларын ұйытып отыруға тиісті кейбір аналардың да өз міндетіне салғырт қарауының салдарынан көптеген шаңырақтардан береке кете бастады. Мамандар оның себептерін отбасы мәдениетінің төмендігімен түсіндірсе, еліміздегі ажырасу көрсеткіштерінің жылдан-жылға ұлғаюы салдарынан балалар құқығы назардан тыс қалып барады.
Парламент • 13 Қараша, 2019
Сенат депутаттары қоршаған ортаға қатысты мәселелерді талқылады
Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.